Басты бетЖаңалықтарҚазақстанда тағы...

Қазақстанда тағы бір мереке пайда болады

Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы қызметкерлер күні – 15 сәуір» деген тармақпен толықтырылсын, — делінген қаулы мәтінінде.

Мемлекеттік қызметтер саласындағы қызметкерлердің еңбек ұжымы республика бойынша шалғай аудандарды қоса алғанда, облыстар мен республикалық маңызы бар қалаларда жұмыс істейді. Қызметкерлердің жалпы саны 20 мыңнан асады.

Дегенмен бүгінгі күні мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы қызметкерлердің өздерінің кәсіби мерекелерін атап өту мүмкіндігі жоқ және осындай мереке болмағандықтан, бірыңғай кәсіби қоғамдастық саласының бөлшегі екенін сезінбейді. Мерекені тізімге енгізу корпоративтік мәдениеттің одан әрі дамуына ықпал етеді, – делінген қаулыда.

Қаулы жобасы 1 наурызға дейін қоғам талқысына шығарылды.