Алдын ала мәлімет бойынша 2022 жылы Қазақстанның ЕАЭО елдерімен тауар айналымы 28,3 миллиард долларға жетті. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда номиналды мәнде 6,5%-ке артық. 2022 жылғы қаңтар-желтоқсанда Қазақстаннан тауар экспорты 9,7 миллиард доллар (24,3%-ке көп), импорт — 18,6 миллиард доллар (0,9%-ке аз) болды, — делінген хабарламада.
ЕАЭО елдерімен экспорттың ең көп өсімі былтыр сәйкес кезеңімен салыстырғанда екі есеге өскен химиялық элементтер бойынша тіркелді. Бұл ретте рудалар мен темір концентраттарында, оның ішінде күйдірілген пиритті қоса алғанда (77,4%-ке аз) төмендеу байқалады.