Бұл мәселе ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдің төрағалығымен өткен үкіметтік комиссияның отырысында талқыланған.
Гуманитарлық көмекте жалпы салмағы шамамен 55 тонна болатын киім-кешек (жылы күртешелер мен шалбарлар), қысқы шатырлар, металл кереуеттер, төсек-орын жабдықтары және басқа да күнделікті қолданысқа қажетті заттар бар. Жүктер әуе көлігімен Түркияның Газиантеп қаласына жөнелтіледі, — делінген хабарламада.