Министрдің айтуынша, елдегі жоғары оқу орындарының көбі әлі зерттеу форматына көшпеген. Оның бірнеше себебі бар. Біріншісі – жоғары оқу орындары ректорларының магистрлар мен PhD-докторанттарды даярлауға қатты мотивациясы жоқ.
Неге десеңіз, магистр грантының құны – 380 мың теңге. Ал бакалавриат грантының құны – 1 миллион теңгеге жуық. Сонда ректор былай ойлайды: мен қазір бакалаврды қабылдасам, ол маған төрт жылда 4 миллион теңге әкеледі. Ал магистрды қабылдасам, ол екі жылда маған бір миллион әкелмейді. Сондықтан біз осы жылдан бастап магистратура, докторантура гранттарының құнын өсіреміз, — деді министр үкімет кулуарында.
Ол магистратура грантының құны кемінде бакалавриатпен теңесу керек екенін айтты. Үш жылдың ішінде олар 1,5-2 миллион теңге көлемінде болады.