Жасанды ақыл-ой желі қолданушыларына олардың достарынан келген «Мен саған алаңдап отырмын», «Сенде бәрі дұрыс па?» деген мағынадағы сөздерді анықтап отырады.
Ол үшін желіге қолданушылар жазып қалдырған сөздерге арнайы сараптама жүргізіледі де сол арқылы адамның көмекті қажет ететінін немесе қажет етпейтінін белгілі болады. Сараптаманың қорытындысы арнайы зерттеушілерге жіберіледі.
Аталмыш бағдарламамен жұмыс істейтін бөлім басшысының хабарлауынша, мұндай шаралар пайдалы ғана емес, аса қажет те. Аталған жоба әзірге тек АҚШ-та ғана жүзеге асырылуда.
Facebook өкілдері сонымен қатар адамның жүйке жүйесін зерттеумен айналысатын бірнеше ұйыммен бірге жұмыс істеп жатқандығын жеткізді. Суицидке бейім желі қолданушылары енді олармен арнайы алаң арқылы жедел түрде хабарласа алады. Бұған қоса әлеуметтік желі онлайн-трансляция кезінде де өзіне-өзі қол салуға бейім тұратын адамдарды анықтау тетігін ойластыруда.