Басты бетЖаңалықтарҚазақстанда инфляцияның...

Қазақстанда инфляцияның айлық динамикасы төмендеп келеді

Оның айтуынша, 2022 жылғы наурыз айындағы ең жоғары мәнге (3,7%) жеткен инфляцияның айлық динамикасы төмендеп келеді.

Қаңтарда айлық инфляция 1,1%-ке дейін төмендеді. Бұған қарамастан, ол орташа жылдық мәннен едәуір асатын деңгейде қалып отыр. Жылдық мәнде инфляция қаңтарда 20,7%-ке жетті, — деді Шолпанқұлов үкіметтің бүгінгі отырысында.

Азық-түлікке жатпайтын инфляция да импорт тауарларының қымбаттауы мен оларға сұраныстың сақталуына байланысты 20,2%-ке дейін жеделдеді. Ақылы қызметтердің инфляциясы 14,2%-ке жетті.