Басты бетЖаңалықтарЕлімізде зейнетақы...

Елімізде зейнетақы активтері 1,5%-ке өсті

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Берік Шолпанқұлов БЖЗҚ-ның зейнетақы активтері қаңтардың соңында жыл басынан бері 224 миллиард теңгеге немесе 1,5%-ке артып, 14,8 триллион теңге болғанын айтты.

Қаңтардан бері инвестициялық кіріс көлемі 66,2 миллиард теңге, зейнетақы жарналары 156,1 миллиард теңге, зейнетақы төлемдері 21 миллиард теңге, мерзімінен бұрын алу 11,4 миллиард теңге болды, — деді ұлттық банк өкілі.

Зейнетақы активтерінің жинақталған кірістілігі шоғырландыру сәтінен бастап 116,9%, жиынтық инфляция 116,1% болды.