Басты бетЖаңалықтарПавлодар мұнай-химия...

Павлодар мұнай-химия зауытында дизель өндірісі тоқтады

«Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС-де «Эр Ликид мұнай тех газы» ЖШС меншігіндегі сутегі өндіру қондырғысынан ақау табылып, дизель отынының өндірісі уақытша тоқтады. 2023 жылғы 10 ақпанда сутегі өндірісінің көлемі төмендеп, технологиялық газды сутегі өндіру қондырғысының бу риформингінің пешіне тасымалдайтын құбырдың дәнекерлеу тігісінде табылған ақауды жою бойынша жөндеу жұмыстары басталды. 2023 жылғы 13 ақпанда жөндеу жұмыстары аяқталды. Сутегі өндіру қондырғысында іске қосу шаралары басталды. 14 ақпанда дизель отынының өндірісі қайта басталады, — делінген хабарламада.

Ақау табылған уақытта ПМХЗ-да дизель отынының қоры 20 мыңнан астам тонна еді. Бұл кәсіпорынға жөндеу жұмыстары аяқталғанша жоспар бойынша тәулігіне 5 мың тоннаға дейін жөнелтуге мүмкіндік береді.

Зауытта автобензин өндірісі қалыпты, өнім жоспар бойынша жөнелтіліп жатыр — тәулігіне 5,5 мың тоннаға дейін. Сутегі өндіру қондырғысы тоқтап тұрған кезде жиналған мұнай өнімдерінің құрамдауыштары наурыз айында тауар өнімі болып өңделеді. Осылайша ПМХЗ көктемдегі егіс дала жұмыстары басталғанда дизель отыны өндірісінің жоспарлы көлемін қамтамасыз етеді, — делінген хабарламада.