Руслан Емелбаевтың айтуынша, ҰБТ-ға тыйым салынған заттарды алып кіру әрекеттері азайған.
Қаңтарда заңбұзушылыққа жол берген 160 өтініш берушінің нәтижесі жойылды. 62 талапкер смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 98 адам шығарылып, олардың нәтижелері жойылды. Өзге тұлғалар анықталған жоқ. ҰБТ «1 компьютер — 2 камера — 1 тест тапсырушы» қағидасы бойынша өткізілді. Былтыр алдыңғы камера енгізілді. Ең маңызды міндет — сәйкестендіру, — деді Руслан Емелбаев.
Емелбаев биыл қаңтардағы ҰБТ-да біреудің орнына кірген адамдар анықталмағанын айтты.