Басты бетЖаңалықтарАлматы облысында...

Алматы облысында өзен арнасынан асуы мүмкін

«Қазгидромет» РМК-ның дауылды ескертуінің негізінде 13-15 ақпанда Алматы облысында қардың бірден еруі, қызыл судың және беткейлік ағынның қалыптасуы, мұз күшінің әлсіреуі және өзендердегі су деңгейінің көтерілуі күтіледі, мұндай жағдайда өзеннің арнасынан асуы және су тасқыны болуы мүмкін, — делінген хабарламада.

Дауылды ескертулер, басқа да шұғыл ақпаратты жедел алу үшін «Дәрмен» тегін мобайл қосымшасын жүктеп алуға болатыны да айтылады.