2023 жылғы 13 ақпанда сағат 09:23-те технологиялық қорғану әрекетімен 500 киловатт Екібастұз — Ағадыр Ж-5170 электр жеткізу желісі авариялық түрде ажыратылды. Бұл Алматы, Жамбыл, Жетісу, Түркістан, Қызылорда, Қарағанды облыстарын энергиямен жабдықтауда шамамен 600 мегаватт (тұтынудың шамамен 10%) көлемінде шектеулер әкелді, — делінген хабарламада.
Компания мәліметінше, «KEGOC» АҚ электр желілерінің аварияға қарсы автоматикасы штаттық режимде іске қосылды, соның арқасында Қазақстанның оңтүстік және орталық өңірлерінде толық ажыратуға жол берілмеген.
Қазіргі уақытта ажыратылған тұтынушыларды электрмен жабдықтауды қалпына келтіру мақсатында оңтүстік өңірдің электр станцияларының жүктемесін толықтай көтеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Электр жеткізу желісіндегі зақымдануды анықтау және жою үшін жөндеу бригадаларының шығуы ұйымдастырылды, — делінген хабарламада.