Бұл туралы Түркияның төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың зардабын жою басқармасы (AFAD) хабарлады.
Сирияның Идлиб, Алеппо, Хама, Латакия және Ракка провинцияларында 3,5 мыңнан астам адам қаза болды.
Сенбі, 11 ақпанда Түркияның құқық қорғау органдары тонау және телефон алаяқтық жасады деген күдікпен 98 адамды қолға түсірді.
Айта кетейік, 6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысында магнитудасы жеті балдан асатын екі жер сілкінісі болды (жергілікті уақыт бойынша 04.17-де – 7,7 балл және 13.24-те – 7,6 балл). Жерасты дүмпулері елдің 10 провинциясында, сонымен қатар шекаралас Сирияда да сезілді. Алғашқы соққыдан кейін тағы 20-дан астам дүмпу тіркелген.
Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған жер сілкінісін 1939 жылдан бергі елдегі ең ірі табиғи апат деп айтты. Ол кезде зілзала Эрзинджан қаласын жермен-жексен етіп, 32 мыңнан аса адамның өмірін қиған.
Түркияда жеті күндік ұлттық аза тұту жарияланды. Екі провинцияда – Шанлыурфа және Килисте іздеу-құтқару жұмыстары аяқталды.