Басты бетЖаңалықтарАлматыда "Егеуқұйрық"...

Алматыда «Егеуқұйрық» қысқаметражды фильмінің жабық көрсетілімі өтті

Фильм әлемдегі ең көне қысқа метражды фестивальдердің бірі Мальтадағы 60-шы Халықаралық Golden Knight қысқаметражды фильмдер фестивалінде гран-приді жеңіп алған. Ол жерде картина 60-тан астам елден ұсвнылған 320 фильммен жүлде үшін таласты.

Отандық туынды тағы бір танымал кинофорум – Бразилиядағы Sao Paulo International Film Festival-нің үздік фильм үшін берілетін бас жүлдесін жеңіп алған. Ал Ресейде Халықаралық қысқаметражды «Киномышь» кинофестивалінде гран-примен марапатталды.

Фильмнің идеясын көптен бері ойлап келдім. Бұл оқиғаны 4-класта оқып жүрген кезімде естідім. Анам «Ленин ауысымы» газетінен оқып берген. Жалпы, бұл қызық оқиға бір адамның егеуқұйрықпен достығы туралы. Олардың қарым-қатынасы жайлы, — дейді картина режиссеры.

Сонымен қатар туындыны Макаодағы Халықаралық қысқаметражды фильмдер фестивалінің қазылар алқасы да “үздік көркем фильм” деп айтты. Шотландияның Глазго кинофестивалінде «Егеуқұйрық» жеңімпаздар үштігіне енсе, Еуропалық Future of Film Awards платформасы картинаны құрметпен атап өтті.

«Егеуқұйрық» фильмі ерекше достықтың таңғажайып оқиғасын баяндайды. Басты рөлді — бостандықтағы өмірден өз орнын табуға тырысқан бұрынғы тұтқын-музыкант Сәкен Молдахметов тамаша орындап шықты.

Жантик мені фильмге басты рөлге шақырғанда қатты таңғалдым. Мен кәсіби актер емеспін. Ешқашан кинода ойнаған емеспін, содаг маған қызық болды. Жантикке ризамын. Актер болуға ұмтылмаған адам кенеттен Глазгода ең жақсы рөл үшін сыйлық алады. Бұл өте күшті сезім, — дейді Сәкен Молдахметов.

Режиссер Жантемір Баймұхамедов Қазақстанда Жантик деген атпен танымал. Ол — еліміздегі ең атақты шоумендердің бірі. Дарынды музыкант және тележүргізуші, бұл картина оның кино саласына алғашқы туындысы емес. Оның «Шу-чу» деген дебют фильмі 2010 жылы Мексика кинофестивалінде жүлдеге ие болған.