Басты бетЖаңалықтарСІМ: Түркияда...

СІМ: Түркияда қаза болған екі қазақстандықтың денесі елге жеткізіледі

Сыртқы істер министрлігі Хатай провинциясының Антакья қаласында үйдің құлауы салдарынан қаза болған Әділ Қадырбеков пен Мирболат Құрмашевтың туыстары мен жақындарына көңіл айтады. Марқұмдардың мәйіттерін елге жеткізуге сыртқы істер министрлігі барынша көмек береді.

Биыл 11 ақпанында Анталия-Алматы бағытындағы тұрақты рейспен жерлестеріміздің мәйіті Қазақстанға жеткізіледі деп күтіледі. Барлық шығынды мемлекет өтейді, — деді сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров.

Еске салайық, дүмпуден кейін хабарсыз кеткен Сәбина Мамадиярова Хатай провинциясы Антакья қаласынан аман-есен табылды. Үйінді астында қалған екі қазақстандық қаза болды. Қалған отандастарымыз іздестіріліп жатыр.