Автожолдарда қысқы күтіп-ұстау жұмыстарын атқару үшін 337 бірлік жол-пайдалану техникасы мен 636 маман жұмылдырылды, — деп хабарлады «Қазавтожол».
Алматы облысында 2 учаске:
- Тіркемелі, жартылай тіркемесі бар жүк автокөліктері үшін «Алматы-Өскемен» тасжолындағы Қонаев-Шеңгелді арасы;
- Автокөліктің барлық түрі үшін «Алматы-Шелек-Қорғас» тасжолындағы Байсейіт- Қорғас арасы.
Жамбыл облысында 1 учаске:
- Көліктің барлық түрі үшін «Алматы-Ташкент-Термез» тасжолындағы Кенен-Благовещенка арасы (ескі Қордай асуы арқылы жүруге болады).
Жетісу облысында 2 учаске:
- Тіркемелі және жартылай тіркемесі бар жүк автокөліктері үшін «Алматы-Өскемен» тасжолындағы Шеңгелді-Қарабұлақ арасы;
- «Алматы-Өскемен» тасжолындағы Қарабұлақ-Үшарал арасы жабылды.