Басты бетЖаңалықтарРудныйда желілерден...

Рудныйда желілерден ақау шығып, 83 үй жылусыз қалды

9 ақпан күні сағат 08:30-да Рудный жылу магистралінде ақау анықталды. Осыған байланысты Горняков көшесінің Дзержинскийден Ленинге дейінгі бөлігінде орналасқан жылу трассасы жабылды. 24 көпқабатты үй, 59 жеке үй мен 17 заңды тұлғаның ғимаратына жылу беру уақытша тоқтатылды, — делінген хабарламада.

Еске салайық, таяуда президент жылу желісіндегі жиілеген ақауларға байланысты жұмыс сапарымен Рудныйға барған болатын. Президент қаладағы желілердің тозу деңгейі өте жоғары екенін атап өтіп, облыс пен шаһар әкімдігіне жағдайды жедел қалпына келтіру туралы тапсырма берді.