Басты бетЖаңалықтарКонституцияның 26-бабы...

Конституцияның 26-бабы өзгеріссіз қалуы мүмкін

«Конституцияның 26-бабына енгізілуі көзделген түзету шын мәнінде қоғам тарапынан үлкен резонанс тудырды. Көптеген азаматтар оны жермен байланыстырды. Сондықтан бүгінгі отырыс барысында жұмыс тобының мүшелері тарапынан бұл түзетуді алып тастау туралы ұсыныс жасалды. Меніңше, Конституцияның 26-бабы ескі редакцияда қалатын болады»,- деді Өмірәлі Жалайыри.

Бүгінгі жиында сондай-ақ Әділбек Жақсыбеков Конституцияның 26-бабына қатысты ұсыныстар мол болғанын атап өткен еді.

«Бұл мәселеге қатысты ашық пікірталас болды. Пікірлер әртүрлі. Азаматтардың бір бөлігі бұл норманы оң бағалап отыр немесе өздерінің редакцияларын ұсынады. Дегенмен, көпшілігі 26-бапқа өзгерту енгізубеуді сұрауда», – деген еді ол.

Бұл жұмыс тобының тағы бір мүшесі, Қазақ гуманитарлық заң университеті Азаматтық-құқықтық зерттеулер ғылыми-зерттеу институтының директоры Төлеш Қаудыровтың айтуынша, 26-бапқа қатысты Қазақстан Президенті таяу күндері нақты шешім қабылдайтын болады.

ДереккөзInform.kz