«2009 жылы Республикалық кадрларды шетелде даярлау комиссиясының шешіміне сәйкес, С.есімді азамат «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері атанып, Ұлыбританияда «Құрылыс және архитектура» мамандығы бойынша білім алу туралы қаулы шықты. «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ мен студент арасында білім беруді ұйымдастыру туралы келісім жасалды. Келісімге сәйкес, жауапкердің академиялық үлгерімі «жақсыдан» төмен болмауы керек еді», — делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.
Сотта жауапкер үлгерімі туралы бөлімдегі талаптарды орындамай, келісімді бұзғандығы белгілі болды. Студент «Болашақ» халықаралық стипендиясынан айырылып, шетелде білім алуға жұмсаған шығындарды қайтаруға міндеттелді. Астана қаласының Алматы аудандық сотының шешімімен С. есімді азамат «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның пайдасына 25 675 842 теңге ақша төлейді.
Айта кетейік, сот шешімі заңды күшіне енді.