Бұған дейін желіде Astana Hub технопаркінің халықаралық агенті Мирус Құрмашевтың жоғалып кеткені туралы ақпарат тараған.
Ағасы Алмат Құрмашевтың айтуынша, жер сілкінісі кезінде ол Түркияның Хатай қаласында болған. Содан бері онымен байланыс үзілген. Отбасы мен достары алаңдап, жан-жақты іздестіріп жатыр.
Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров бұл ақпаратты растады. Түнде Мирустың бауыры, достары мен қазақстандық еріктілер Түркияға ұшып кетті.
Айта кетері, Түркияда болған жер сілкінісінің магнитудасы 7,7 балл болған. Кейінгі ақпаратқа сәйкес, 4 мыңнан астам адам қаза болып, 20 мыңнан артық адам зардап шекті.