Басты бетЖаңалықтарАлматыда арық...

Алматыда арық желілері қар мен мұздан тазартылып жатыр

Баспасөз қызметінің мәліметінше, жоспарланған 1 329 шақырым арық желісінің 626 шақырымы қардан, мұздан, лай мен қоқыстан тазартылды. Күн сайын 82 бірлік техника және 299 жұмысшы жұмылдырылып жатыр. Тазарту жұмыстары 25-28 ақпанда аяқталады. Қала аумағында барлығы 1 525 шақырым арық желісі бар.

Су тасқынын жою мақсатында қала әкімінің тапсырмасы бойынша экология және қоршаған орта басқармасы Алматыда жауын-шашын кезінде үнемі су басып қалатын учаскелерге талдау жүргізді. Нәтижесінде барлығы 102 аймақ анықталды, оның ішінде 56 учаскені су басып қалуы мүмкін. Сондықтан апатты қалпына келтіру жұмыстарын дереу жүргізу қажет. 56 учаскедегі су тасқынын жою мәселелерін шешу үшін 12 коллектор мен 4 арна (реконструкциялау және салу) қалпына келтірілуге тиіс. Қала бойынша 2022 жылы апатты қалпына келтіру жұмыстары аясында 72 учаскеде жұмыстар басталды. Оның ішінде бүгінде 63 учаскедегі жұмыстар аяқталды (89%), — делінген хабарламада.

арық желілерін тазалау
Фото: Алматы әкімдігі

Аталған жұмыстар аясында ұзындығы 18,7 шақырым 12 су бұру коллекторы қалпына келтірілді, жалпы ұзындығы 11,2 шақырым 8 канал салынды және 2 канал жөнделді.

Сонымен қатар 7 километр арық желілері қайта жаңартылды және салынды, 15 құбырлы өткел реконструкцияланды, 1,4 километр өзен арналарының жағалауы күшейтілді. Жалпы жұмыстардың 89%-і орындалды. 2022 жылдың күзгі кезеңінде жүргізілген жұмыстардың қорытындысы бойынша аталған учаскелерде су тасқыны тіркелген жоқ, — делінген хабарламада.