Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жағдай тұрақты. Дегенмен жылу және сумен жабдықтау, кәріз желілерінің кейбір учаскелерінде тозудың жоғары деңгейіне байланысты апаттар мен жарылу жағдайлары жиілеп кеткендіктен, қала әкімдігі судың қатып қалуының алдын алу мақсатында жылу беру маусымындағы желілерді, сонымен қатар төтенше жағдайларды жою, қосымша күштер мен қаржылық қолдауды тарту арқылы жергілікті маңызы бар техногенді сипаттағы төтенше жағдай жариялады, — делінген хабарламада.
Айта кетейік, 27 қаңтарда Рудныйда жылу магистралінің жарылуы салдарынан 24 көпқабатты үй мен 59 жеке үй жылусыз қалған болатын.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев оқиға орнында болып, апаттың салдарымен танысып, жағдайды қалыпқа келтіру бойынша тиісті тапсырмалар берді.