Бүгін 1000 теңгелік банкноттар айналымнан шықты

Бүгіннен бастап 2006 жылғы ескі үлгідегі 1000 теңгелік купюралар айналымнан шықты.

2006 жылы шыққан номиналы 1000 теңгелік банкноттарды осы жылдың 1 наурызынан 2018 жылдың 28 ақпанына дейін кез келген екінші деңгейдегі банкте айырбастауға болады. Ұлттық банктің филиалдарында аталған банкноттарды айырбастаған кезде комиссия алынбайды.

1000 теңге

Ұлттық банктің мәліметінше, айналымда жүрген номиналы 1000 теңгелік естелік банкноттар заңды төлем құралы болып табылады.

Банкноттарды қабылдаудан бас тартқаны үшін ұйымдарға 5 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілеріне 10 АЕК, ал ірі кәсіпкерлікке 25 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады. Ал жекелеген банк операцияларын жүзеге асыратын ұйымдар мен банктерге банкноттарды айырбастау, қабылдау және ұсақтаудан бас тартқаны үшін 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады. Бұл ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көрсетілген.