Басты бет Жаңалықтар Риддер жылу электр орталығында жаңа құрылғы істен шықты

Риддер жылу электр орталығында жаңа құрылғы істен шықты

Риддер жылу электр орталығында су жаңа құрылғы істен шықты. Осыған байланысты үйлерде температура төмендеп кетті.

Фото: ШҚО ақпараттық орталығы

Бұл туралы қала әкімі Дмитрий Горьков айтты.

5 ақпанда конвейер таспасының қозғалтқышы істен шықты. Жөндеу жұмыстары аяқталды. Көмір бункерлері толтырылып жатыр. Температура режимі үш сағат ішінде қалпына келтіріледі, — деп жазды қала әкімі әлеуметтік желідегі парақшасында.

Дмитрий Горьковтың айтуынша, жөндеу жұмыстары кезінде температура режимін қалпына келтіру үшін 1 қазандық қондырғысы қосымша іске қосылған.

Exit mobile version