Басты бет Жаңалықтар Риддерде жылу орталығында өрт болды

Риддерде жылу орталығында өрт болды

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласындағы жылу электр орталығынан өрт шықты.

Фото: Рolese.by

Әлеуметтік желіде Риддердегі жылу электр орталығы өртеніп жатқандығы туралы видео тарады.

Өрт болған жылу орталығына облыс әкімі Даниал Ахметов барған.

Тілсіз жау 19 қаңтарда сағат 06:54-те жылу орталығының көмір беру цехында болған. Қазіргі уақытта өрт сөндірілді, зардап шеккендер жоқ. Қалпына келтіру жұмыстары басталды. Жылу желісінің температурасы уақытша төмендетілді, — деп хабарлады төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Облыс әкімдігінің мәліметінше, штаб отырысы өтеді. Штаб отырысының қорытындысы бойынша ресми ақпарат беріледі.

Exit mobile version