Алматылық құтқарушылар көктемгі су тасқынына дайындық жүргізіп жатыр. Барлық техника, жеке құрам ықтимал су тасқыны кезіндегі жедел жұмысқа дайын. Құтқарушылар ауа райының тосын мінезін ескеріп, «Қазгидромет» метеорологтарымен және «Казселденқорғау» мамандарымен үнемі байланыста, — делінген хабарламада.
Алматы төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының басшысы Алмат Жаныспаевтың айтуынша, қазіргі таңда аудан әкімдіктері арықтар мен өзен арналарын қар мен мұздан тазарту жұмыстарын қарқынды жүргізіп жатыр. Арық жүйесінің жалпы ұзындығы 1 300 шақырымнан асады. Бүгінгі таңда 460 шақырымнан астам жер тазартылды.
2023 жылғы су тасқыны кезеңінде Алматы тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық бөлімшелері мен Алматының азаматтық қорғау қызметтерінің күштері мен құралдарының жалпы саны 1 609 адам бар, әртүрлі мақсаттағы 618 бірлік техника, 85 мотопомпа, сонымен қатар 99 бірлік автономды электр станциясы бар, — деді Алматы төтенше жағдайлар департаментінің өкілі.
Оның айтуынша, жүйелі мониторингті ұйымдастыру және су тасқынының салдарын алдын алу және су басу зардаптарын жою шараларын әзірлеу мақсатында мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп комиссиялық зерттеу жүргізіліп, оның барысында су басу қаупі бар 102 аумақ анықталды.
Бүгінгі таңда 62 мекенжайда канал желілерін қайта жаңарту және салу жұмыстары аяқталды, бұл 49 учаскедегі қауіп-қатерді жоюға мүмкіндік берді. Қазіргі уақытта 7 учаскеде құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп жатыр, олар биыл наурыз айының соңына дейін аяқталады, — деді Алмат Жаныспаев.