Смартфонды 20 минутта қуаттайтын құрылғы шығарылды

Барселонада Meizu компаниясы mCharge 4.0 атты смартфон қуаттайтын құрылғыны таныстырды. Ол енді әлемдегі ең қауіпсіз және жылдам қуаттайтын технология болып саналады.

Аталған құрылғы 10 минутта смартфонды 60 пайызға, 18 минут 45 секундтың ішінде 100 пайызға қуаттаған.

Көрмеде белгілі болғандай, құрылғыдағы жаңа дата-кабель қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Сонымен қатар оған қуаттау процесіне мониторнг жасайтын смарт технологиясы бар Е Науk чипі орналастырылған.

mCharge 4.0 құрылғысы –40 °С пен +60 °С температура аралығында да жұмыс істей береді. Компанияның айтуынша, оны 10 мың рет еркін пайдалануға болады.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version