Бүгін «Зияны төмендеу» жобасымен бірге жақын адамыңыз темекі шексе де, өзіңіз сау болып қалу үшін не істеу керек екенін және әлгі жақыныңызға қалай көмектесуге болатынын анықтаймыз. Ол темекіден біржола бас тартқысы келмесе, жанатын темекімен салыстырғанда зияны әлдеқайда аз балама нұсқа ретінде қыздырылатын темекіні алуға болады. Бұл мәселені жан-жақты қарастырып көрейік.
Қауіпсіздік өзіңнен басталады
Пассивті темекі тартқан аса зиян екенін жете бағалау керек. Екінші реттік түтіннің құрамында да ДНҚ жасушаларын зақымдайтын көміртек тотығы, аммиак, шайыр және басқа да 60 улы заттан тұратын уытты коктейль бар. Зерттеу темекіні жиі тартатын адаммен бірге тұру онкологиялық ауру қаупін 20-30%-ке дейін арттыратынын көрсетті. Жыл сайын пассивті темекі тартқаннан 40 мыңнан астам адам көз жұматынын былай қойғанда, дәл осындай болжамдар жүрек ауруларына да қатысты айтылады.
Темекі тартатын адаммен бірге тұрсаң, жұмыс істесең, жағымсыз иіс киім мен жиһаз бетіне сіңіп қалады. Бірақ қиындық мұнымен бітпейді. Қатты беттерге, тері мен шашқа қонатын түтіннің қатты әрі уытты бөлшектері жағдайды тіпті қиындатуы мүмкін. Түтіннің мұндай бөлшектері ДНҚ-ны көп зақымдауға қабілетті келеді. Ал бұл онкологиялық ауруға шалдығу қаупін арттырады.
Айналаңыздағылар темекі шегетіндер болса, мынадай кеңес ұсынамыз:
- Темекі шегіп тұрған адамның қасында тұрмаңыз.
- Шылым шегетін адаммен бірге тұрсаңыз/жұмыс істесеңіз, пәтерді/кеңсені үнемі желдетіп отырыңыз.
- Темекінің иісі қалатын киімді, көрпені, ойыншықтарды үнемі жуып жүріңіз.
- Денсаулықты күтіңіз: көбірек жаяу жүріңіз, спортпен шұғылданыңыз, теңдестірілген тамақтануға мән беріңіз.
Шылымға құмар адамға қалай көмектесуге болады?
Никотинге тәуелді адамға «темекіден бас тарт» деп қанша айтсаң да, өтпейді. Тіпті, мұндай өтініштер оны жалықтырады. Ол адам шылымның зиянын түсініп отырғанымен, қалтасында темекі қорабы болмаса, психологиялық, тіпті дене жайсыздығын сезеді. Бұл сезімді жеңу қиын екені сонша, статистика бойынша шылым шегетін адамдардың 7%-і ғана темекіні бір дегеннен қойып кетеді.
Бұл шара қолданып қажет емес дегенді білдірмейді. Жақын адамыңыздың уәжін тыңдап көріңіз және оған зияны аздау балама туралы айтып беріңіз. Балама нұсқа адамның өзіне ғана емес, айналадағыларға да зияны аздау екенін жеткізіңіз.
Қазіргі темекіні қыздыруға арналған құралдардың жану процесі жоқ, сондықтан улы түтін шығармайды. Темекі тартатын адам түтіннің орнына никотинді бу түрінде жұтады. Электрон құрылғыдағы темекіні қыздыру температурасы 400 градустан аспайды. Соның арқасында темекі түтінімен салыстырғанда организмге түсетін залал 95%-ке азаяды.
Сонымен қатар белсенді және пассивті шылым шегетін адам профилактика үшін медицина тексеруінен өтіп отырғаны жөн. Өкпе ауруын ерте анықтаудың ең тиімді әдісі – дозасы төмен спиральді компьютер томографиясына түсу. Бұл кәдімгі флюорографияға қарағанда әлдеқайда тиімді және еліміздің бірнеше қаласында бар. Медициналық сақтандыру аясында КТ-дан тегін өтуге болады.