Жиында жағдайдың күрделенуіне жол бермеу және оның салдарымен жедел күресу тапсырылды.
Бірлескен күшпен Майдантал ауылын су басуға жол берілмеді. Құтқарушылар мен ЖАО тәулік бойы жұмысты жалғастырып жатыр. 200-ден астам адам және 800-ге жуық ірі қара мал эвакуацияланды. Инертті материалдары бар 13 мыңнан астам қап төселді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Түркістан облысында жаңбыр тоқтады. Алайда су ағыны жалғасып жатыр. Синоптиктердің болжамы да көңіл көншітпейді. Жағдай ерекше бақылауда. Республикалық және облыстық жедел штабтар, «жедел желі» жұмыс істейді, — деді Юрий Ильин.
Еске сала кетейік, 2 ақпанда Кентау, Түркістан қалаларында және Бәйдібек, Сауран, Ордабасы аудандарында жауын-шашыннан көшелер мен аулаларды су басып жатқанын хабарлаған едік.