«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Алматы облыстық филиалы мен «Қазақавтожол» ЖШС Алматы облыстық филиалының хабарлауынша, 3 ақпан күні таңертең Алматыдан алты бағыт бойынша көлік қозғалысына тыйым салынған.
Жауын-шашын мен температураның нөлден төмен түсуі түрлі бағытта жол жабылуына себеп болды.
Жабық жолдар:
- Алматы-Қонаев (25-67 километр, Іле ауданы);
- Алматы-Шелек-Қорғас (25-320 километр, Еңбекшіқазақ ауданы);
- Ресей Федерациясының шекарасы Екатеринбург-Алматы (2 436-2 214 километр, Жамбыл ауданы);
- Алматы-Өскемен (78-124 километр, Қонаев-Жоламан);
- Алматы-Өскенем (16-25 километр, Алматы-ПВП терминалы);
- Алматы-Көкпек-Көктал-Қорғас (126-172 километр).