­Қазақстанда жаңа смартфондарға 2-21 ақпан аралығында алдын ала тапсырыс беруге болады. Ал 24 ақпаннан бастап олар ресми сатыла бастайды. Алдын ала тапсырыс берген қолданушылар смартфон модельдерінің екі еселенген жады көлемі мен сыйлыққа Galaxy Watch4 смарт-сағатын алады. Жаңа флагмандық смартфондарды Tradein бағдарламасы арқылы Samsung.kz ресми интернет-дүкенінен және серіктестердің бөлшек сауда орталықтарынан сатып алуға болады.

Қазақстандағы инновация жанкүйерлерін қуантатын басты жаңалық бар: жаңа серия премиум-кластың мүмкіндіктерін ашатын революциялық ЖИ-мен және ең жылдам ұялы графикасы бар болашақтың озық ұялы ойын тәжірибесі мен әсерлі геймплей сыйлайтын арнайы «Galaxyға арналған Snapdragon® 8 Gen 2 ұялы платформасымен» жабдықталған!

Samsung Galaxy тарихында бірінші рет S23 Ultra флагмандық смартфоны жаңа 200-мегапикселді Adaptive Pixel датчигімен, фронталды объективтен сапасы айтарлықтай жоғары сурет пен видео түсіретін Super HDR бірінші селфи-камерасымен мақтана алады. Секундына 30-дан 60 кадрға ауыса алады.

Әдетте, видеоның бұлыңғыр шығуына жарықтың аз екені, яғни көмескі түс әсер етеді. Мұндай жағдайда фотоны барлық бағытта екі еселенген оптикалық тұрақтандыру арқасында контентіңіз тұрақты және анық болады.

Жетілдірілген жасанды интеллект адамның динамикалық сипатын нақты көрсету үшін, шаш, көз тәрізді көрер көзге байқалмайтын бет-әлпет ерекшеліктерін және кадрдағы әрбір детальді талдайды.

Qualcomm Snapdragon® 8 Gen 2 суперқуатты ұялы платформасы бұрын соңды болмаған өнімді жұмыс көрсетеді. Сыйымдылығы 5 000 мАс Galaxy S23 Ultra аккумуляторы өзіне дейінгі модельдерден 20% ұзағырақ жұмыс істейді. Galaxy S23 Ultra графикалық өнімділігі 40%-тен аса көрсеткішке жылдамдатылған. Осы ретте жасанды интеллект өнімділігі 49%-тен асатын көрсеткішке оңтайландырылғанын айтып өтейік. Бұл фото түсіру үшін және видеотүсірілім үшін, кідірісі төмен ойындар мен басқа да процестер үшін өнімділік балансы мен қуаттылықты қамтамасыз етеді.

Жаңа S сериясында беріктілігі жоғары Corning® Gorilla® Glass Victus®2 әйнегі бірінші рет қолданылады. Әйнек, орташа есеппен, 22% қайта өңделген материалдарды қолданып жасалған.

Galaxy S23 сериясы табиғаттан шабыт алып әзірленген төрт күңгірт реңкте ұсынылады: Қара фантом, Ақшыл сары, Жасыл және Лаванда.