Электрон кезек үшін арнайы Аutonesie.kz сайты әзірленді. Порталды алдымен пилоттық жоба ретінде сынап көреді.
Өтініштерді қабылдау 6 ақпан күні сағат 10:00-де басталады. Компьютерге NCALayer бағдарламасын ортанып алған жөн. Себебі электрон цифрлық қолтаңбаны қою керек болады. Сайтта өтінішті орындау барысын бақылап отыруға мүмкіндік болады.
Қазіргі кезде револьверлік қаржының көлемі 7,6 миллиард теңгені құрап отыр. Ал несиенің шекті көлемі 10 миллион теңге. Сондықтан платформа қосылғанда 760 адам тіркеле алады. Адам саны соған жақындаған кезде платформа автоматты түрде жабылады және өтінім қабылдамайды, — деді Ғалымжан Әди бүгінгі брифингіде.
Ақпан айында тіркелуге үлгермеген адамдар келесі айда өтініш жібере алады.
Келесі айда қайтарылған ақшаның көлемі шамамен 100 адамға жетеді. Сондықтан платформа ай сайын ашылған кезде 100-ден астам орын болады, — деді Ғалымжан Әди.