Басты бетЖаңалықтарKundelik.kz порталына...

Kundelik.kz порталына хакерлік шабуыл жасалды

Хакерлер 31 қаңтар күні шабуылдаған.

Мемлекеттік техникалық қызметтің мәліметінше, DDoS-шабуылдар сағат 13:15-тен бастап тіркелді. Шабуылдар көлемі секундына 600 Мб-қа дейін жетті.

Қалыптан тыс желілік трафик 2,5 сағатқа созылып, интернетке қолжетімділіктің бірыңғай шлюзі қондырғысында 16:00-де тойтарылды, — делінген хабарламада.

Зиян келтіретін трафикті зерттеу жұмыстары жүріп жатыр.