Жобаның мақсаты – кәсіпкерлерге құжаттарды ресімдеу кезінде әкімшілік кедергілерді, әуре-сарсаңды еңсеруге көмектесу, мемлекеттік қызметшілер қабылдайтын шешімдердің мерзімі мен ашықтығын сақтауды қамтамасыз ету.
Кәсіпкерлер жерді ресімдеу, сәулет және басқа да бақылаушы органдардан рұқсат алу, коммуникацияларды қосу, сонымен қатар түрлі мемлекеттік қолдау шараларын (кредиттер, гранттар, субсидиялар) алу кезінде кездесетін нақты проблемаларды шешумен айналысамыз, — делінген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарламасында.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, қазір өңірлерде бизнестен өтініш қабылдау үшін арнайы алаңдар мен байланыс арналы жұмыс істеп жатыр. Аумақтық департаменттердің басшылары Facebook парақшаларында хабарламалар қабылдап жатыр. Сонымен бірге Антикордың Call-орталығына 1424 нөмірі бойынша хабарласуға болады.