Басты бетЖаңалықтарҮкімет басшысы...

Үкімет басшысы министрлерге өңірлердегі мәселені уақытылы шешуді тапсырды

Мемлекет басшысы министрлердің және әкімдердің халықпен кездесулерінде жиі көтерілетін мәселелерге жүйелі түрде мониторинг жүргізуді тапсырды. Сондықтан, халықпен қарым-қатынас жасаудың жаңа форматына көшіп, оларды толғандыратын мәселелерді шұғыл шешудің нақты алгоритмдерін әзірлеу қажет. Мониторинг көптеген сұрақтардың жыл сайын қайталанатынын көрсетті, яғни оларды түпкілікті шешу керек, — деді Смайылов.

Осы орайда үкімет басшысы өңірлерде негізінен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, құрылыс, ауыл шаруашылығы және жер қатынастары, сонымен бірге баға мәселесіне қатысты тақырыптар жиі көтерілетінін айтты.

Олардың басым бөлігі министрлердің халықпен кездесулерінде жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен сол жерде шешілді. Ал, қалған мәселелер мемлекеттік органдардың іс-қимыл жоспарларына енгізілді. Оларды шешуге уақыт керек. Кейбіріне заңнамалық өзгерістер, қосымша қаржыландыру немесе басқа ведомстволардың шешімдері қажет. Сондықтан, барлық министрлер мемлекеттік органдардың іс-қимыл жоспарларына енгізілген мәселелерді уақытылы шешуді қамтамасыз етуге тиіс, — деді премьер-министр.