Басты бетЖаңалықтарAmanat партиясының...

Amanat партиясының кезектен тыс съезі 7 ақпанда өтеді

Amanat партиясының кезектен тыс XXV съезі 7 ақпанда Астанада өтеді. Тиісті қаулыға бүгін партияның төрағасы Ерлан Қошанов қол қойды. Съезд жұмысына еліміздің барлық аймағынан делегаттар қатысады. Осыған орай партияның орталық аппараты өңірлік филиалдармен бірге дайындық жұмысын бастады, — деп жазды Бейсенбаев әлеуметтік желідегі парақшасында.