Бүгінгі таңда кәсіпкерлікті реттеудің 44 саласы түгел қаралды. Онда 2 823 нормативтік құқықтық акт талданып, 128 119 талап анықталды. Ол талаптардың 10 108-і немесе 8%-і жаңа реттеу саясатының базалық шарттарына сәйкес келмейді, — деді министр.
Министрдің айтуынша, заңнаманы кәсіпкерлікті реттеудің жаңа саясатына сәйкестендіру жұмыстары осы жылдың алғашқы жартыжылдығында аяқталады.
Былтырдан бастап реттеуші мемлекеттік органдар заңға тәуелді актілер шеңберінде талаптардың күшін жою және қайта қарау бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатыр. Бұл жұмысты 2023 жылдың 1-2 тоқсанында аяқтауды жоспарлап отырмыз, — деді Әлібек Қуантыров.