Алматы қалалық сайлау комиссиясынан хабарлағандай, қалалық мәслихатқа 42 депутат сайланады. Оның 21-і бір мандаттық аумақтық сайлау округтерінен, 21-і партиялық тізім бойынша дауыс жинайды.
Кандидаттарды ұсыну жұмыстары 20 қаңтарда басталды. 8 ақпан күні жергілікті уақыт бойынша сағат 18:00-де аяқталады, — делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Жанна Асанова Алматының сенат депутаты болып сайланған еді.