Бакалавр, магистр дәрежелері берілетін білім грантын бөлу тәртібі өзгерді

Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Ауыл жастары арасынан шыққан Қазақстан Республикасының азаматтары үшін квота белгіленген білім беру бағдарламаларының топтарына арналған конкурс мынадай түрде өтеді: білім беру бағдарламаларының осы топтары бойынша гранттардың жалпы санының 65%-і жалпы конкурс тәртібімен беріледі, ал гранттардың қалған 35%-іне конкурс ауыл жастары арасынан шыққан Қазақстан Республикасының азаматтары үшін ғана өткізіледі, — делінген үкіметтің 2023 жылғы 23 қаңтардағы №31 қаулы мәтінінде.

Айта кетейік, бұрынғы қаулыда гранттардың 30%-і конкурс негізде тек ауыл жастары арасынан шыққан азаматтар үшін өткізілілген еді.