«Қаныш» фильмі 2 ақпаннан бастап кинотеатрдан көрсетіледі

Тарихи туынды 2 ақпаннан бастап еліміздің барлық кинотеатр желісі арқылы үлкен экранға шығады.

«Қаныш» фильмінің сюжет желісі геолог-ғалым, академик Қаныш Сәтбаевтың өмірі мен еңбек жолына негізделген. Жас Қаныштың қазақ халқы басына күн туған ашаршылық және қуғын-сүргін жылдарындағы геология саласындағы алғашқы қадамдарын баяндайды.

Режиссеры — Ерлан Нұрмұхамедов, сценарий авторлары — Әмір Әменов пен Ален Рахметәлиев. Фильмде Қаныш рөлін Әсет Есжан сомдайды.

Сериал 6 бөлімнен тұрады. «Қаныш. Қазына» телехикаясын Qazaqstan ұлттық телеарнасы 2021 жылы түсірді. Жоба 2022 жылы толықметражды фильм ретінде халықаралық «Literature in Cinema» кинофестивалінде «Үздік фильм» («Best film») жүлдесіне ие болды.