Бірнеше жыл бұрын біздің министрлік Ақмола облысы әкімдігі және «Ана үйі» қоғамдық қорымен бірлескен «Балажан» жобасын қолға алған еді. Жоба аясында Ақкөл қаласында балаларды қолдау және отбасыға бейімдеу орталығы ашылды. Ондағы мақсат – балаларға барынша отбасындағыдай жағдай жасау, сонымен қатар оларды патронаттық тәрбиеге жайғастыруға және туған отбасына қайтаруға бейімдеу, – деді Жанна Сәрсенбаева елордада өткен балалар үйін трансформациялау мәселелеріне арналған жиында.
Оның айтуынша, балалар үйі «Балаларды қолдау орталықтары» болып қайта құрылып жатыр.
Еліміз бойынша барлық үй балаларды қолдау орталықтарына айналды. Қазір ел өңірлерінде 23 орталық жұмыс істейді, онда 3 мыңнан астам бала тәрбиеленіп жатыр. Орталықтың тағы бір артықшылығы сол, кәдімгі «үй сияқты болуы», яғни барынша отбасындағыдай жағдай жасалады. Балалардың өз бөлмесі бар, асхана басқа да қажеттіктері бар, — деді министрлік өкілі.