Басты бетЖаңалықтарРудныйда жарылған...

Рудныйда жарылған жылу құбыры қалпына келтірілді

Қала әкімдігінің мәліметінше, үйлерге әзірге жылу берілген жоқ, бірақ бұзылған жылу желісін қалпына келтіру жұмыстары аяқталды.

Жұмыстар 27 қаңтар 06:30-да аяқталуға тиіс. Жылу желісі толтырылды. Пәтер иелерінің тұтыну кооперативіне тұрғын үйлердегі тиектерді ағыту туралы ақпарат беріледі, — деді әкімдіктен.

Айта кетейік, кеше Рудныйда 24 көпқабатты үй мен 59 жер үй жылу желісінің жарылуынан жылусыз қалған болатын. Апат бір апта бұрын болған жерде орын алған. Ол кезде бірнеше ондаған үй, жүзден астам жер үй мен ғимарат жылусыз қалған еді.

Оқиға орнына президент Қасым-Жомарт Тоқаев барып, жағдайды қалпына келтіру бойынша тапсырмалар берді.