Басты бет / Жаңалықтар /
59120ddd99c61b47f4e7dc8d22506203 ASUS Zenbook Pro 14 Duo OLED — екі экран, екі есе өнімділік
Едіге Ержанұлы. Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

ASUS Zenbook Pro 14 Duo OLED — екі экран, екі есе өнімділік

Бұл ноутбукты Baribar Media SMM-менеджері әрі дизайнері Едіге Ержанұлы бір апта қолданып көрді. Материалда әріптесімізбен бірге ноутбукты шолып шығамыз.

Құрамдас бөлшектер

Әдетте, жаңа ноутбук алғанда барлық құрамдас бөлігі үлкен бір қорапта тұрады. Ал ASUS Zenbook Pro 14 Duo OLED-тің құрамдас бөліктері бөлек-бөлек қорапқа салынған. Бұл — ASUS Zenbook-тың ерекшелігі.

8324290003b2d58735c861711950c823 ASUS Zenbook Pro 14 Duo OLED — екі экран, екі есе өнімділік
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Ноутбуктың қорабын ашқанда бірінші көзіме түскені — құрамдас бөліктердің жеке-жеке қорапқа салынғаны. Қуаттағышты, магнит стендті, стилусты бөлек ашқан сайын рахаттанасың. Әрқайсын қорабынан алған кезде сыйлық ашып жатқандай сезінеді екенсің, — дейді Едіге.

Ноутбукпен қатар жүретін құрамдас бөлшектер – ZenBook сериясының дәстүрлі ерекшелігі. Бұл жолы жинаққа ноутбукпен қоса, стилус, жұмсақ корпусқап, магнит стенд пен 65 Вт USB Type-C қуат көзі кірген. Аксессуарлардың сапасы жоғары. 

53803a99a488241943f04e3cb1ee0789 ASUS Zenbook Pro 14 Duo OLED — екі экран, екі есе өнімділік
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Магнит стенд. Көп құрылғының мұндай тіреуіш-стендтері қапта болады. Ал ASUS стендті ноутбуктың астына жабыстырған. Қажет болған кезде ноутбук қабын шешпей-ақ алып тастауға мүмкіндік беретіндей етіп жасаған. 

880b4ba46551b1ff72cea1623600bad5 ASUS Zenbook Pro 14 Duo OLED — екі экран, екі есе өнімділік
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

4ceb513c579791b598451c39f1c46ddd ASUS Zenbook Pro 14 Duo OLED — екі экран, екі есе өнімділік

Ноутбукты қап кигізбей-ақ пайдаланып көрдім. Маған қапсыз қолданған ұнайды. Қапсыз қолданғанмен қатар, ноуттың көтеріліп тұрғанын да қалаймын. Сол үшін магнит стендін ноуттың астына жабыстырып көтердім, қалаған кезде алып тастадым. Бұл ыңғайлы екен, — дейді Едіге.

Осылай, магнит стендті ноутбукпен алып жүру міндетті емес.

d26bd1481957b63dd3a426b47bad5ce3 ASUS Zenbook Pro 14 Duo OLED — екі экран, екі есе өнімділік
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Стилус. Стилусты екі экранда да бірдей қолдана береміз. Бұл аз уақыт қызықтайтын нәрсе емес, жұмыс пен шығармашылықтың толық құралы. 

11bc8d57fbe359a8bac0e970b1bb4642 ASUS Zenbook Pro 14 Duo OLED — екі экран, екі есе өнімділік
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Мәтін өңдерде тінтуірмен керек жеріңді табам деп әуреленбей, стилусты қолдансаңыз, біраз уақыт үнемделеді. Жүйке де жұқармайды. Ал дизайн мен иллюстрация жасайтын адам үшін стилус – үлкен көмек, — дейді дизайнер.

1d46e2411cea0b4e5e346c20cd186130 ASUS Zenbook Pro 14 Duo OLED — екі экран, екі есе өнімділік
Едіге Ержанұлы. Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Корпус. Едіге ноутбук корпусына «премиум-класс» деген баға берді. Ноутбук пернелері ғана пластиктен тізілген, қалған бөлігі түгелдей дерлік металдан жасалған.

Асус
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Толық өлшемді ErgoSense пернетақтасы. Әдетте, компьютер мен ноутбук пернетақтасы екі түрлі болады. Компьютердікі басқанға ыңғайлы. Ал ноутбуктың пернелері бір-біріне жақын болады да, тергенде жанындағы пернелерге саусақ тиіп кетіп, қате көп кетеді. Оны түзеп отыру — бөлек бір жұмыс. 

ASUS Zenbook Pro 14 Duo OLED бұл проблеманы былай шешіпті: Екінші экранды жоғарыға көтерген, пернетақта төмен түсіп, тачпад оң жақ бұрышқа жайғасқан. Сөйтіп, пернелерге орын көбірек қалған. Осы шешімнің арқасында пернелер үстел пернетақтасының стандартына сай келіп, емін-еркін тізіліп шыға келген. Мәтін жазғанға да, дизайнерлер жиі пайдаланатын пернелерді басқанға да ыңғайлы, — дейді Едіге.

Пернелері ірі (18,5 миллиметр), ал пернелер арасы — 1,4 миллиметр. Бұл – үстел пернетақтасының стандарты. 

“Ағзасы”

c804aeffc26268c4992f10fd63d83e4f ASUS Zenbook Pro 14 Duo OLED — екі экран, екі есе өнімділік
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Мен — студентпін. Оған қоса, медиа саласында бірнеше жерде дизайнер болып жұмыс істеймін. Медиа саласында істеу деген кез келген уақытта кез келген жерде дизайн сызып, вижуал салып беруге дайын болу дегенді білдіреді. Мұндайда қуатты құрылғың қол астында тұрса, қорықпауға болады. Менің қолыма тиген нұсқаның процессоры Intel Core i7 12-буыны арқасында құрылғы жылдам жұмыс істейді, — дейді Едіге. 

Ноутбук процессоры қаншалық өнімді екенін анықтайтын Cinebench R23 деген танымал бенчмарк бар. ASUS Zenbook Pro 14 Duo OLED осы бенчмарктен сынақтан өткенде өнімдігі алдыңғы буыны — Zenbook Duo 14 UX482 ноутбугынан 143%-ке жақсарғаны белгілі болды.

Дизайнер ноутбуктың ішкі құрамына көңілі толды. Ноутбук жеңіл, бар болғаны 1,7 келі тартады. Осындай жеңіл ноутбук үшін жақсы видеокарта таңдалған — NVIDIA GeForce 3050 Ti. Бұл видеокарта рендеринг, видеомонтаж сияқты үлкен қолданбалармен тиімді жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Оған қоса, ICECool Plus суыту жүйесімен жабдықталғанын айтты. Бұл жүйе процессор мен видеокартаның қуатын арттырады, нәтижесінде қолданбалар өнімді жұмыс істейді. 

Шығармашылық саласында істейтін адамдар үшін ноутбук жады мен файлдарды сақтау орны өте маңызды. 32 Гбайт жедел жады мен PCIe 4.0 X4 интерфейсі бар жылдамдығы жоғары SSD-диск «ноутбук жады толып қалады» деп алаңдауға негіз қалдырмайды. 

7e24618e622589a3b5248760f97226e7 ASUS Zenbook Pro 14 Duo OLED — екі экран, екі есе өнімділік
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

USB-A порты, толық өлшемді HDMI 2.1 және 2 Thunderbolt 4/USB Type-C ұяшықтары бар. Едігенің айтуынша, бұл дизайнерлерге қажет аудио-видео тасымалдайтын кез-келген құрылғыны қосып, жұмысты жеңілдетуге мүмкіндік береді.

Салмағы

470c91c840e1212efa84d8de99ee301d ASUS Zenbook Pro 14 Duo OLED — екі экран, екі есе өнімділік
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Осы тұста ASUS Zenbook Pro 14 Duo OLED-тің тағы бір артықшылығы — салмағы жайлы айта кеткен жөн. Салмағы 1,7 келі ноутбукты алып жүрген жеңіл. 

Негізі, ноутбуктың видеокартасы мықты болған сайын салмағы артады. Оған екі экранды қосыңыз. Құрылғының корпусы түгел дерлік металдан жасалған. Осының бәрін қосқанда салмағының 1,7 келі ғана болғаны таңғалдырды. Мен сияқты ноутбук тастамайтын дизайнерге таптырмас құрылғы, — деді ол.

Экрандар

bcde08772c80a770400839bade93afea ASUS Zenbook Pro 14 Duo OLED — екі экран, екі есе өнімділік
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

ASUS Zenbook Pro 14 Duo OLED-тің басты ерекшелігі — экрандары. Көпше түде жазып отырғанымыз бекер емес. Ноутбук аты айтып тұрғандай екі экраннан тұрады. Негізгі экран 14,5 дюймдік, сенсорлы және 2880×1800 өлшемі бар, жиілігі — 120 Гц. Ал бұл ноутбуктың алдыңғы буыны Zenbook Duo 14 UX482 жиілігі 60 Гц болған еді. Алдыңғы буынға қарағанда экран 49%-ке анық көрінеді. Сонымен қатар экранның максимал жарықтығы 38%-ке артқан. 

Оған қоса, ASUS Zenbook Pro 14 Duo OLED-тің экранының рамкасы жұқарақ, соның арқасында қолданатын ауданы 12%-ке ұлғайған. 

Сонымен бірге 100% sRGB стандарты бар. Бұл қызылдың, жасылдың, көктің қосындысынан шыққан кез келген түске жауап береді. Нағыз шығармашылық адамдарына қажет стандарт.

cfbcf703a372591a6151a8470782556b ASUS Zenbook Pro 14 Duo OLED — екі экран, екі есе өнімділік
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Екінші экран: 12,7″, 2880х864, жиілігі — 120 Гц. Бұл – көзге салмақ түспейді деген сөз. Оған қоса, кез келген ауа райында жұмыс істей бересіз. 

Экрандардың тағы бір артықшылығы – бейнесі қанық. Display HDR True Black 500, Pantone Validated сертификаттары бар. Бұл — дизайнға керек сертификаттар. Соның арқасында экрандағы қара түс оңып, сұр түске тартып кетпейді. Қою қара күйінде, басқа түстерді бұрмаламай қанық қып береді.  

Мысалы, мен дизайнды өзімнің ноутбугыма жасап, оны телефонға көшірсем, екі құрылғыдағы түс екі түрлі боп шығады. Өзімнің ноутбугымда ақшыл боп тұрған түс телефонға түскенде қанық болады. Қажет түсті алғанша төрт рет көшіремін. Ал мына екі сертификат қажет түсіңді өзгертпей көшіреді, — дейді дизайнер.

ASUS осымен екі экраны бар бірнеше ноутбук шығарды. Мына ноутбуктағы экранды көлбеу етіп, яғни басты экранмен бірдей етіп қойған. Соның арқасында екеуінің жарығы бірдей. Екінші экран көмескі емес. 

c1a3fa9423590ae19a93a798ef2dfdb1 ASUS Zenbook Pro 14 Duo OLED — екі экран, екі есе өнімділік
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Едіге екі экранның болғаны жұмысты өнімді еткенін айтады.

Екінші экран жұмысымды расымен жеңілдетті. Дизайнерге нағыз керегі осы қосымша экран екен. Ноутбукқа Adobe Photoshop жүктеп, жұмыс істеп көрдім. Photoshop-тың жұмыс істейтін саймандар панелі экранның екі жағында тұрады, сөйтіп негізгі тақта — артбордты қысады. Ал ASUS Zenbook Pro 14 Duo OLED-те әлгі инструменттің бәрін осы қосымша экранға түсіріп тастадым. Сөйтіп артбордым үлкейіп шыға келді, — дейді ол. 

Видео монтаждайтын Adobe Premiere Pro бағдарламасында түсті коррекциялау сияқты функцияның бәрі екінші экранда жасалады. Ал басты экранға видеоның өзі ғана толық шығады.

AAS ULTRA

141b62f241d75dae0c9fc497388cb9c4 ASUS Zenbook Pro 14 Duo OLED — екі экран, екі есе өнімділік
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

ASUS Zenbook Pro 14 Duo OLED-ке AAS ULTRA технологиясы енгізілді. Бұл — желдетудің жаңа түрі. 

Ноутбукқа екінші экран қосылғасын, желдету жүйесі  да айтарлықтай өзгеріске ұшыраған. Қақпақтың  максимал ашылу бұрышы — 145 градус. Екінші дисплейді 12°-қа көтеретіндей етіп иіледі. Ал бұл, өз кезегінде, төменгі беттің қызып кетуінен сақтайды. Өйткені салқындату жүйесіне ауа екінші дисплейдің астындағы саңылау арқылы енеді. Бұл жүйе «AAS ULTRA» деп аталады.

Қорытынды:

Шолуымызды қорыта келе, ASUS Zenbook Pro 14 Duo OLED ноутбугының мынадай артықшылықтарын атап айтуға болады:

  • екі экраны бар;
  • жаңа AAS ULTRA желдету технологиясы енген;
  • салмағы жеп-жеңіл — 1,7 келі;
  • жылдам жұмыс істейді;
  • стилусы бар;
  • пернетақтасы өте ыңғайлы;
  • сақтау алаңы (жады) көп;
  • 100% sRGB стандарты бар;
  • экраны жарық;
  • қосымша порттары көп.

e175718b27ab2abd8a7bf452b42c1506 ASUS Zenbook Pro 14 Duo OLED — екі экран, екі есе өнімділік

Мақала туралы ойыңыз?

Instagram парақшамызға жазылыңыз

Instagram