Бердібек Сапарбаев Конституциядағы 26-бапты түсіндірді

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Конституцияның 26-бабындағы «әркім» сөзінің қолданылуын түсіндіріп берді.

Бердібек Сапарбаев. Фото: Рахым Қойлыбаев

Облыс әкімі бұл меншік туралы заңда қолданылатынын айтып берді.

«Қазақстанда әркімнің жеке меншік мүддесі сақталады. Шетелдік азаматтарға байланысты, егер оның өзінің жеке мүлігі, көлігі, үйі болса сақталады. Қазақстанда жерге, жер қойнауына байланысты мәселелердің барлығы Жер Кодексі арқылы шешіледі. Кодексте жердің еш уақытта жекеменшікке, оның ішінде шетелдіктерге берілмейтіні жазылған. Сондықтан бұл мәселені дұрыс түсінуіміз керек. Біздің мемлекетімізде әрбір мәселе Заң шеңберінде шешіледі», – деді Бердібек Сапарбаев.

1 пікір

  1. 26 бапты өзгертуіне қарсымын Мен əркім емеспін. Мен Қазақстан Республикасының азаматшасымын

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version