Республика аумағында барлығы 1 806 тірек гидротехникалық құрылыс (ГТҚ) бар. Осы жылдың қаңтар айындағы жағдай бойынша 1 322 ГТҚ зерттелді. 471 нысан жөндеуді талап ететіні анықталды, оның 327–сі коммуналдық меншікте. Министрлік ГТҚ тасқын суларын қауіпсіз өткізу және қажетті инертті материалдар мен техниканы дайындау қажеттілігін жергілікті атқарушы органдар назарына жеткізді. Бүгін тағы да назарға саламыз. Өз алдына министрлік 41 республикалық меншіктегі ГТҚ-ны қайта жаңартуды жүргізіп жатыр, — деді министр.
Министрдің айтуынша, республика аумағындағы ірі су қоймалар бойынша орташа толу 60-75%. Ірі су қоймаларына ағынның күтілетін көлемі норма шегінде.
Барлық су қоймаларында су қабылдауға арналған бос көлем бар. Су қоймалар бекітілген жұмыс режиміне сәйкес жұмыс атқарып жатыр, — деді Зүлфия Сүлейменова.