Сағат 10:00-дегі жағдай бойынша, екі облыста жолдың көрінуі нашар болуына байланысты екі жол учаскесі жабық күйінде қалып отыр.
Шығыс Қазақстан облысында «Алматы-Өскемен» тасжолының Қалбатау ауылынан Қасым Қайсенов ауылына дейінгі аралығы көліктің барлық түрі үшін жабық тұр.
Жетісу облысында «Үшарал-Достық» тасжолының Көктұма бекетінен Достық бекетіне дейінгі аралығында көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа енгізілген шектеу әлі де сақталады.