Темекі әсіресе ақ-қара фильмдер дәуірінде экраннан жиі көрінетін. Қазір де солай ма? Бұл әдіс-тәсілдерді пайдалы іс үшін, яғни қоғамды зияны төмендеу балама темекіге өтуге көндіру мақсатында қолдануға бола ма? ниЖевред жобасымен және кино сарапшыларымен бірлесе отырып осы сауалдардың жауабын іздедік.
Жарнама қалай әсер етеді?
Медиа біздің қоршаған ортаны қабылдауымызды жақсы не жаман жаққа қарай өзгерте алады. Әрине, бұл ұсынылған контенттің, мәселен, фильмнің негізгі айтпағына немесе позициясына тәуелді. Жүргізілген зерттеулер медианың қоғамдық пікірді түбегейлі өзгертіп жібере алатынын көрсетті. Мәселен, елдегі сайлауға немқұрайлы қарайтын азаматтар дауыс беруге бірнеше күн қалғанда әлдебір партияны аяқ астынан жақтап шығуы мүмкін. Яғни кинода шылым шегетін адамды көрсету, тіпті бұл көріністі романтизациялау белгілі бір көрерменнің темекі тарта бастауына немесе бұл әдетке оралуына себеп бола алады.
Қазір әлемнің 83 мемлекетінде темекі өнімдерін жарнамалауға түрлі деңгейде тыйым салынған. Қазақстанда мұндай шара 2003 жылы күшіне енді. БҰҰ деректеріне қарағанда, мұндай тыйым шын мәнінде шылымқорлар санын азайтуға көмектеседі екен. Алайда адамның бәрі бірдей кино немесе жарнама көріп, темекі тартып кетпеді. Тіпті шылымға дін рұқсат бермейтін Бутан секілді елдің өзінде жұрт «түтіндетуді» тоқтатқан жоқ. Жер бетінде 1.3 миллиард шылымқор бар, яғни әр сегізінші адамнан гөрі, темекіге үйір жанды жиірек кездестіру ықтималдығы жоғарырақ.
Темекі көркем өнер құралына айналды ма?
Әдетте фильм немесе сериалдағы шылым шегетін кейіпкер – жай ғана мінез-құлық немесе атмосфераны жеткізу әдісі. Мысалы, «Себепсіз бүлікші» фильмінде басты рөлді сомдаған және елуінші жылдардың жұлдызына айналған Джеймс Дин өзі түскен киноның бәрінде темекі тартады. Бұл оның бейнесіне әлдебір құпиялық, «нағыз» еркекке тән сипат, тартымдылық береді-мыс. «Соңғы дем» фильміндегі Мишель Пуаккар есімді кейіпкер әр кадрда шылым шегетін және құпияға толы, епті көлікұрлағыш болды. Ал «Басты инстинктегі» Кэтрин Трамелл тұтқынға алынған кезде де аузынан темекісін тастамайды. Ол осылайша қоғам қабылдаған ережелерге түкіргені бар екенін көрсетеді.
Шылымқор кейіпкерлердің бірсыпырасы үлкен экраннан бекер көрсетілген жоқ. 1920-жылдардың басында ірі темекі компаниялары көптеген режиссерге (оның арасында Битт Дэвис, Джон Уэйн, Хамфри Бограт та бар) темекінің жасырын жарнамасы үшін ақша төлеп отырыпты. Бұл – шылымның кинода жиі көрініс беруін түсіндіретін себептің бірі.
Нуар фильмдер 40-50-жылдары ерекше танымал болды. Бұл сол елуінші жылдары шылым жарнамасына жаппай тыйым салынғанға дейінгі темекінің ең екпінді, қарқынды түрде насихатталуына тұспа-тұс келеді. Мұндай фильмдердің негізгі тақырыбы мұң мен қала өміріне және соған тәуелді мәнсіз-мағынасыз ғұмырға деген ашу-ыза болды. Шылымқор кейіпкерлер өз дәуіріндегі бәрінен көңілі қалған адам бейнесін ашып көрсетті. Ал темекінің арқасында басқалардан ақылдырақ, сезімталдау болып қабылданды. Ендібір туындыларда, мәселен, Альфред Хичкоктың фильмдерінде темекі стрестің, күтпеген жағдайдың белгісіне айналды.
Түтін жапқан …
Экраннан темекіні көрсету оның зияны туралы сауаттандырумен де байланысты. Өткен ғасырдың 20-30-жылдары дәрігерлер шылым зардабы туралы айту былай тұрсын, тіпті ол пайдалы деп те «соққан». Қазір біз бұл тұжырымның қате екенін білеміз, яғни темекінің зиян әкелетінін түсінеміз.
Әппақ түтін тек кадрде сондай бір керемет болып көрінуі мүмкін. Шын өмірде ол жүрек-қан тамырлары ауруларынан бастап қатерлі ісікке дейінгі түрлі сырқаттың себебі бола алады. Кәдімгі шылымның түтінінде жану барысында қалыптасатын 6000-нан астам химиялық элемент бар. Алайда мұның бәрін темекіні қыздыру жүйесінен таппайсыз. Себебі ол кәдімгі шылым түтінімен салыстырғанда зиянды заттарды 95%-ке аз шығаратын аэрозоль бөледі.
Адамдар көбірек тұтына бастауы үшін зияны төмендеу балама құралдарды медиа арқылы насихаттау керек пе, жоқ па деген сұрақтың жауабы әзірге айқын емес, себебі оларды мүлдем залалсыз деп айтуға болмайды, әрі мұндай тәсіл кәдімгі шылымды тастай алмай жүрген, бірақ темекі тартудан болатын зиянды азайтқысы келетін жандарға арнап ойлап табылған болатын. Алайда зардапты азайту туралы халықты хабардар қылу керек екені – нақты белгілі дүние. Бұл жайлы толық ақпаратты “ниЖевред” жобасының сайтынан оқи аласыз.