Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, мейрамхана жабылғанға дейінгі барлық қызметкерлердің жұмыс орындары, жалақылары және басқа да еңбек шарттары толық сақталады.
Жылдам қызмет көрсететін мейрамханалардың ашылуы біртіндеп жүргізіледі, бастапқы кезең ішінде Алматыда 5 мейрамхана ашылады. Қазіргі уақытта дайындық жұмыстары аяқталды, мейрамханалар барлық қажетті өнім көлемін алды және ресми ашылуға дайын. Жабылу уақытына дейін жұмыс істеген мейрамханалардағы барлық қызметкерлердің жұмыс орындары, жалақылары және басқа да еңбек шарттары толық сақталады, — делінген хабарламада.
Компания мәліметінше, мейрамханалардың жұмысы осыған дейін қабылданған сапа мен қызмет көрсетудің барлық жоғары стандарттарын, сонымен қатар бизнесті жүргізудің құндылықтары мен принциптерін ескере отырып жалғасады.
Бұл — біздің компания өміріндегі жаңа кезең. Біз қонақтар үшін әр қалада орналасқан мейрамханалардың есігін біртіндеп ашпақпыз. Біз қоғамдық тамақтану индустриясындағы көшбасшылық позициямызды сақтап қалуды көздейміз. Бізге қолдау көрсеткен қызметкерлерімізге, серіктестерімізге және мемлекеттік органдарға шынайы алғысымызды білдіреміз. Әзірге мейрамханалар атаусыз ашылады, жақын арада біз жаңа атымызды жұртшылыққа таныстырамыз, — деді «Food Solutions KZ» ЖШС бас директоры Әсет Машанов.
Айта кетейік, McDonald’s-тың жабылу тарихы 2022 жылдың 18 қарашасында басталды. Содан кейін Қазақстандағы McDonald’s жергілікті жеткізілімдердегі шектеулерге байланысты өзінің барлық мейрамханаларының жұмысын уақытша тоқтатты.