Бұйрыққа энергетика министрлігі, қаржы министрлігі, ішкі істер министрлігі және ұлттық қауіпсіздік комитеті қол қойған.
Қазақстан Республикасының аумағынан автомобильмен бензинді, дизель отынын және мұнай өнімдерінің жекелеген түрін шығаруға 6 ай мерзімге тыйым салу енгізілсін, — делінген құжатта.
Еске салайық, 2022 жылғы шілдеде елімізден бензин мен дизель отынын әкетуге тыйым салынған еді. Енді бұл тыйымның уақыты ұзарды.