Басты бетЖаңалықтарШетел көлігін...

Шетел көлігін заңдастыру үшін не істеу керек? 5 сұрақтың жауабы

Қандай автокөліктер заңдастырылады?

Қазақстан азаматтары сырттан әкелген шетел есебінде тұрған жеңіл автокөліктерді, шағын, орта сыйымдылықтағы автобустарды, шағын жүк көліктерін, оң жақ рульмен басқарылатын автокөліктерді заңдастыра алады.

Шетелден әкелген көлікке қандай шарт қойылады?

— автокөлік елге 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінуі керек;
— іздеуде болмауға тиңс;
— бұрынғы тіркелген жер (ел) есебінен шығарылуы керек;
— кедендік «тазартудан» өтуге тиіс.

Шетел көліктерін заңдастыру үшін қандай құжаттар керек?

— Өтініш;
— Жеке басын куәландыратын құжат (жеке құжат);
— Көлік құралының паспорты (көлік құралын тіркеу туралы куәлік);
— Көлік құралына меншік құқығын растайтын құжат.

Нәтижесі арнайы базаға тіркелген соң көлік иесінің телефонына 1414 нөмірінен SMS келеді. Онда қабылданған шешім нақты жазылады. Заңдастыруға рұқсат берілсе, мемлекеттік алымдар төлеу қажет.

Заңдастыру қанша тұрады?

— 200 мың теңге көлемінде бірреттік төлем;
— техпаспорт үшін 4 313 теңге мемлекеттік баж;
— мемлекеттік нөмір үшін 9 660 теңге мөлшерінде алым;

Заңдастыруға қалай өтініш береді?

— «Электрондық үкімет» порталы арқылы;
— Арнайы ХҚКО-ның “Өз-өзіне қызмет көрсету секторы” арқылы;
— Екінші деңгейлі банктер қосымшасы арқылы өтініш беруге болады.

2023 жылғы 1 шілдеге дейін өтініш беруге болады.

Ең соңында көлік иесі шетел техпаспортын, меншік құқығын растайтын құжатты ХҚКО мамандарына тапсырады. Тіркеу бекітілгеннен кейін барып автокөлік иесіне ҚР тіркеу құжаты, мемлекеттік нөмір беріледі.