Сайлауға мына саяси партиялар түсе алады:
- Қазақстанның Халық партиясы;
- «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы;
- Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы;
- Amanat партиясы;
- «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы;
- «Байтақ» Қазақстандық жасылдар партиясы;
- Respublica партиясы;
Айта кетейік, елімізде 19 наурызда парламент мәжілісі мен мәслихат депутаттары кезектен тыс сайланады. Кандидаттарды ұсыну 20 қаңтарда басталып, 8 ақпанда сағат 18:00-де аяқталады.
Сайлау алдындағы үгіт-насихат 18 ақпанда сағат 18:00-де басталып, 18 наурыз сағат 00:00-ге дейін жүргізіледі.
18 наурыз – тыныштық күні, 19 наурыз – сайлау күні.